Зеленский Вашингтонға аттануы мүмкін

Сурет: Украина президентінің ресми интернет үкіметі
Украина президенті Владимир Зеленский бүгін Вашингтонға аттануы мүмкін. Осылайша ол елінде қарулы қақтығыс басталғалы алғаш рет шетелге сапар шекпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұны Құрама Штаттардың бірнеше ақпарат құралы хабарлады.

Олардың қатарында CNN телекомпаниясы мен Politico басылымы бар. Американдық журналистердің дерегінше, Зеленский АҚШ Конгрессінің алдында сөз сөйлеп, президент Джо Байденмен кездеседі, деп жазады qazaqstan.tv.

Өзге бір деректерге қарағанда, Украина лидері қазірдің өзінде Құрама Штаттарға ұшып барады.

Америка Сенаты Украина мен НАТО-ға шұғыл көмекке шамамен 45 миллиард доллар бөлу мәселесін қарастырып жатыр. Және де АҚШ Киевке «Пэтриот» зымырандық қорғаныс жүйесін жөнелту жоспарын мақұлдауға жақын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды