21 желтоқсандағы түскі саудада доллар қымбаттады

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,99 теңгеге көтеріліп, 470,28 теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,77 теңгеге (-0,88) түсті.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы керісінше көтеріліп, 67,41 теңгені (+0,25) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк 499,07 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 469,5-472,5 теңге, еуро 498-502,5 теңге, ресей рублі 6,3-6,7 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 21 желтоқсандағы аукционда әлемдік мұнай бағасы біршама арзандады.

Осылайша, Brent мұнайының ақпан фьючерстерінің құны барреліне $79,94 құрады, бұл алдыңғы сессияның жабылу бағасынан 0,06%-ға төмен.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің ақпан айындағы бағасы барреліне 0,08%-ға арзандап, 76,17 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды