Қостанайда 1 қаңтардан бастап автобустарда жол жүру ақысы көтеріледі

Сурет: pixabay
Қостанайда жаңа жылдан бастап автобустарда жол жүру ақысы 20 теңгеге қымбаттайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банк аударымы бойынша жол жүру енді 100 теңге, қолма-қол ақша 170 теңге тұрады. Тарифті көтеру туралы шешімді Әділет министрлігі тіркеді, деп хабарлайды Alau.kz.

Қала маңындағы бағыттарда жол жүру құны да өседі. Сонымен қатар, оларда сараланған тариф жұмыс істей бастайды.

«Қала маңындағы автобустарда төлем келесідей жүргізіледі: банктік аударым арқылы – белгіленген 80 теңгеге 1 шақырымға 5 теңге қосылуы керек. Тобылға дейін екі шақырым, жалпы сомасы 90 теңге. Төлем қолма-қол жасалса, 1 км 10 теңге тұрады. Алынған сомаға 150 теңгені және қалаған елді мекенге жол жүру құнын қосу керек:Тобылға – 170 теңге, Заречныйға – 190 теңге. Дәл осындай схема барлық қала маңындағы маршруттарға қатысты болады", - деп хабарлады Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

Қостанайда жол жүру ақысы 2017 жылдан бері көтерілген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі