Өскемен полицейлері жоғалған 5 жастағы баланы тапты

Сурет: ҚР ІІМ
21 желтоқсанда сағат 17:13-те “102” жедел арнасына 26 жастағы жергілікті тұрғыннан қоңырау келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 5 жасар ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, бала көліктен шығып, белгісіз бағытқа қашып кеткен.

Хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері жоғалған баланы іздеуге дереу кірісті. Кәмелетке толмаған баланы дабыл бойынша іздеу мақсатында Өскемен қаласы ПБ барлық жеке құрамы көтерілді, деп жазады Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ол туралы қандай да бір ақпарат білетін таныстары мен куәгерлерден сұрау жүргізді, іргелес аумақтар:аулалар, саябақтар, жастар жиналатын орындар, дәмханалар мұқият тексерілді. Қаланың барлық көшелеріндегі бейнебақылау камераларының жазбасын қарау ұйымдастырылды.

15 минуттан кейін Боран-1 патрульдік экипажының қызметкерлері Дамир Ауғанбаев пен Жасұлан Дәулетханов М. Горький көшесінде орналасқан университеттің маңынан жоғалған баланы тапты. Полицейлер табылған баланы аман-есен анасына тапсырды, – деп мәлімдеді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.

Табылған баланың анасы Өскемен қаласы ПБ қызметкерлеріне және іздестіруге қатысқан барлық азаматтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді