Түркістан облысының полицейлері жолаушыдан 1 келіге жуық марихуана тәркіледі

Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау және тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы ПД ЭҚІҚБ-ның жедел уәкілдері мен Түркістан ҚПБ-ның патрульдік полицейлері бірлесіп, облыс орталығының шағын аудандарының бірінен күмәнді Ravon автокөлікті тоқтатты, деп жазады Polisia.kz. 

Тәртіп сақшылары тексеру кезінде көліктегі жолаушыдан есірткіге ұқсас заты бар қорапты тапты. Түркістан қаласының тұрғынынан алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді.

Оның қорытындысына сәйкес, алынған заттың 1 келіге жуық марихуана екені расталды.

Қазіргі уақытта осы жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: