Қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 400 миллиард теңгеден астам жәрдемақы төленді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстандықтарға биылғы жылдың басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы түрінде 402 млрд теңге төленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы қарашада мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен 28,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 9,3 млрд теңге бөлінді.

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың орташа мөлшері 54 062 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар – 50 368 теңгені құрады.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға ұлғайтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді