Алматыда ер адам жалған долларға криптовалюта сатып алмақ болды

Сурет: ҚР ІІМ
Ер адам криптовалюта сатып алу кезінде жалған банкноттармен төлем жасамақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.


Біздің бөлімшеге алаяқтық дерегі бойынша жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз біреу криптовалюта сатып алу кезінде оған жалған 100 мың доллар төлемек болған. Іс жүргізу барысында жәбірленушінің интернет арқылы криптовалютаны ірі көлемдегі соммаға сатуға келіскені анықталды. Кездесу жоспарланған болатын, онда сатушы криптоәмианға электронды ақшаны  аударды. Алайда “сатып алушы” криптовалютаны алғанын растамады және оны алдадың деп айыптауға тырысты. Бұл алдын ала ойластырылған алаяқтықтың бөлігі болып шықты. Күдікті қамауға алынды. Ол А.есімді азамат болып шықты. Белгілі болғандай, ұсталған азамат виртуалды ақшаны сатып алу бойынша өз міндеттемелерін орындағысы келмеген, сондықтан ол кездесуге жалған долларлық купюраларды алып келген, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов. 

Аталған дерек бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық істі тіркеді.  Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған заңсыз әрекеттің ықтимал сыбайластарын анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті