Қарағанды облысында жолда қалған 200 адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында қар құрсауында қалған 200 адам құтқарылды. Оның 43-і бала. Өткен түнде аймақтағы жолдарда 80 жеңіл көлік тұрып қалған.

Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, далада қалған жолаушыларды түгелдей қауіпсіз жерге апарды, деп жазады qazaqstan.tv.

Зардап шеккендер жоқ. Ал Ақтау елді-мекеніндегі үш жүкті келіншек Теміртаудағы перзентханаға жеткізілген. Кеше басталған ат құлағы көрінбейтін ақтүтек боран әлі де сейілер емес. Қазір барлық бағыттағы жолдар жабық.

Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды. Қазіргі уақытта ауа-райы жағдайының нашарлауына байланысты қар, бұрқасын, екпінді жел, көрінудің шектелуінен республикалық маңызы бар тас жолдардың 10 учаскесінде көлік қозғалысы жабылды. Автожолдардың жабық учаскелерінде бекеттер ұйымдастырылды. Нұржан Жақатаев, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысы



Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды