10 қаңтар күні еліміздің басым бөлігінде қатты аяз болады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 10 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz .

"Қазгидромет " РМК таратқан ақпарат бойынша, ҚР аумағының басым бөлігіне Арктикалық антициклон әсер етеді, соған байланысты жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанды.Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қар жауады, облыстың оңтүстігінде және таулы аймақтарда кейде қатты қар жауып, жел күшейеді, боран, тұман, көктайғақ болады.

"Түнде Маңғыстау облысында  25 градус қатты аяз, Атырау облысында 30 градус қатты аяз, Ақтөбе облысында 35-39 градус қатты аяз, Қостанай облысының шығысында 40 градус қатты аяз болады деп болжанды"."Қазгидромет " РМК 

Астана қаласы:  көшпелі бұлтты,  жауын-шашынсыз. Батыстан жел соғады, күші 2-7 м/с. Түнде 33-35°С күндіз  28-30°С аяз  болады.

Алматы қаласы: бұлтты, таңертең және күндіз қар, ауық-ауық қатты қар жауады. Арасында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел соғады, күші 0-5 м/с. Түнде және күндіз 4-6°С  аяз, күндіз тағы төмендейді.

Шымкент қаласы:  көшпелі бұлтты, әлсін-әлсін қатты қар  жауады. Кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Түнде және күндіз 7-9°С аяз болады.



Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды