Қытайда бір айда коронавирустан 60 мыңдай адам қайтыс болған

Сурет: pixabay
Қытайда желтоқсанның 8-нен қаңтардың 12-не дейін коронавирустан 60 мыңдай адам қайтыс болған. Мұны жергілікті басшылық мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мемлекет «нөл-ковид» саясатынан желтоқсанның 7-де кенеттен бас тартты. Содан кейін инфекция 1,4 миллиард халқы бар елге бақылаусыз тарай бастаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір Қытайда миллиондаған адам пойыздарға, ұшақтарға, автобустарға, кемелерге мініп, туған ауылдары мен қалаларына аттанып жатыр. Өйткені мұнда қаңтардың 21-де шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесі басталады. Сол мейрам барысында 2 миллиард сапар жасалып, коронавирус тіпті өршиді деген қауіп бар.

Мен вирусқа алаңдамаймын. Өйткені жас кезімнен иммунитетім жақсы. Бірінші тексеріс оң нәтиже берді. Өйткені ол кезде волонтер болып, науқастармен жиі кездестім. Карантин тоқтағаннан бері коронавирусқа шалдыққан жоқпын. Бірақ қазір жұқтырып жатқандар көп. Соған қарамастан, туған жеріме кетіп барамын. Алаңсыз сапарға шықтым, себебі тағы ауырмайтыныма сенімдімін. Чжоу Нинь, мигрант жұмысшы

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек