Синоптиктер 24 қаңтарда Жетісу облысында минус 33 градусқа дейін аяз болатынын болжады

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, кең ауқымды солтүстік-батыс антициклонның әсерінен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Ал республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстіктің таулы аудандарында атмосфералық бөліктердің өтуімен қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, елдің оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел күшейеді, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман түседі."Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің болжамынша, түнде Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 30-33 градус, орталығында 25 градус қатты аяз болады.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде жане таңертең аздаған қар жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -17-19°С, күндіз -8-10°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -12-14°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жане таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде -13-15°С, күндіз -1-3°С болады.


Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді