14 қаңтардағы түскі саудада доллардың құлдырауы жалғасуда

Сурет: pixabay
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 0,15 теңгеге төмендеп, 461,88 теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Басқа валюталар саудаланбады.

Кешегі кешкі сауданың қорытындысы бойынша еуро бағамы 503,65 теңге болды.

Ұлттық банк еуро бағамын 504,09 теңге, рубльді – 6,74 теңге, қытай юанін – 68,12 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 461,5-465 теңге, еуро 501-505 теңге, ресей рублі 6,45-6,7 теңге аралығында сатылуда.

Ал, 24 қаңтардағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондонның ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің құны 0,16%-ға арзандап, барреліне 88,05 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) электронды саудада наурыз айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 0,02%-ға арзандап, барреліне 81,60 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды