Өңірлік БАҚ-қа қолдау күшейеді – Дархан Қыдырәлі

Сурет: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі
Астанада өтіп жатқан өңірлік мерзімді басылымдар форумында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақтық БАҚ-қа қатысты біршама іргелі жобалар бар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумда министр аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатқанын айтты.


"БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге ймүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері 2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз". ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі

Сонымен бірге министр өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетілетінін, масс-медиа туралы жаңа заң аясында басылымдардан қосымша құн салығы алынып тастау қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кетсек, форумға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысып жатыр. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылады.(с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме