Шымкентте үйінің ауласында сора өсірген тұрғын сотталды

Сурет: Zakon.kz
Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында 56 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егіп-өсіргені үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, аталған азамат үйінің ауласындағы шаруашылық қорасының ішінде заңмен тыйым салынған және қоғамға қауіп келтіретінін, халық денсаулығына қарсы қылмыстар қатарына жататындығын біле тұра, өсіруге тыйым салынған сора өсімдіктерінің ұрықтарын заңсыз егіп-өсіріп, оны суғарып, күтіп, баптаған.

2022 жылғы шілде айында әкімшілік аумақты тексеру келген полиция қызметкерлері оның заңсыз әрекеттерін анықтап, үйінің ауласынан 636 түп сора өсімдігін тәркілеп алған. Басты сот талқылауында айыпталушы өзінің кінәсін толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне шын жүректен өкінетінін, асырауында 80 жастағы қарт анасының барын және өзінің денсаулығының нашар екендігін айтқан.

Сот оның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуын ескеріп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған осы баппен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сот үкімімен сотталушының жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеу белгіленді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды