Сейсмологтар Алматы аймағында 7 балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады

Сурет: wikimedia
Қазақстандық сейсмологтар Алматы аймағында жеті балдық жойқын жер сілкінісінің ықтимал қаупін бағалады. Еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері сейсмикалық қауіпті аймақта орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсіресе, Алматы аумағы. Өйткені мұнда 1887 және 1911 жылдары күшті жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда мегаполисте дүмпудің орташа мерзімі бойынша қорытынды әзірленді.

Картаға сәйкес, жер сілкінісінің болжамы жасалды. Сондай-ақ, сейсмология институтының мамандары Түркияның Анадолы таулы аймағына қатысты да пікір білдірді, деп жазады qazaqstan.tv.

Жойқын жер сілкінісі болған жер планетадағы ең белсенді және сейсмикалық қауіпті аймақтардың бірі. Онда күшті жер сілкінісі бұрын да болған.

"Әлемдік әдістерді қолдану арқылы есептеу жасаймыз. Қазір бүкіл әлемде жер сілкінісінің дәл уақытын, қандай күшпен болатынын анықтайтын аспап жоқ. Осы жылға жасалған болжам бойынша қарқындылығы жеті балдан аспайтын жер сілкінісі жоқ деп айта аламыз. " Ақкенже Сейілханова, «Сейсмология институты» ЖШС ғылыми қызметкері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі