Алматыда интернет-алаяқтар тобы ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Топ құрамында құрамында 27 және 25 жастағы екі әйел бар. Қылмыстың басқа да сыбайластары – 28 және 33 жастағы ер адамдар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы күндері Алматыда ақпараттық технологияларды қолдану арқылы жасалған құқық бұзушылықпен күресу шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған алаяқтыққа қарсы республикалық “Anti Fraud” іс-шарасы өтіп жатыр.


"Осы іс-шара аясында төрт адамнан тұратын топ әшкереленді. Бостандық аудандық ПБ-на қарасты полиция бөліміне көмек сұрап жүгінген алматылық тұрғынның арызына сәйкес, күдіктілер алдау және сенімге қиянат жасау арқылы 1,1 млн теңге көлемінде қаражатты иемденіп кеткен. Толығырақ айтатын болсақ, ер адамның ұялы телефонына профилінде әпкесінің суреті бар абоненттен хабарлама келген. Хабарламаны жіберуші оның банктік шотына ақша жіберуді өтінген. Ер адам әпкесінің деректерін пайдаланған алаяқтарға емес, әпкесіне көмектескеніне сенімді болған." Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Алаяқтар анықталды және ұсталды. Олар – Түркістан облысынан келгендер. Ұсталғандардың үшеуі бұрын да алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

"Айта кетейік, қылмысты ашуға екінші деңгейлі банктердің бірінің қауіпсіздік қызметкерлері көмек көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша осы қылмыстық істің жан-жақты, толық және объективті тергелуін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеудің осы кезеңінде бұл топ жасаған үш бірдей алаяқтық дерегі анықталды." Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды