Жеңілдетілген автонесие алуға Қазақстанның қай өңірінен өтінім көбірек түсті

Сурет: freepik
Өнеркәсіпті дамыту қоры autonesie.kz платформасын іске қосқаннан кейінгі нәтижелерді таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Өнеркәсіпті дамыту қоры осы жылдың 6 ақпанында Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де autonesie.kz сайтында Жеңілдікті автокредиттеу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау үшін пилоттық платформа іске қосылғанын еске салды.

Платформаның алғашқы іске қосылу қорытындысы бойынша пулда 19 мен 62 жас аралығындағы 761 қатысушы тіркелді.

"Платформа іске қосылғаннан бері autonesie.kz сайтына кірушілердің басым көпшілігі Алматыда – 31%, Астанада – 22,6% және Шымкентте – 9,3% байқалды. Платформаны алғаш іске қосуға арналған револьверлік қаражат көлемі 7,6 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда автосалондарға 463 қатысушы жүгініп, төлем шоттарын алды. Қатысушылар арасында ең танымал автомобиль брендтері – Hyundai және Chevrolet"."Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметі

 Өңірлер бөлінісінде автомобильге ақы төлеуге берілген шоттар:

Платформада өтінім берген сәттен бастап автомобиль берілгенге дейін жеңілдікті автокредитті ресімдеудің жалпы мерзімі күнтізбелік 60 күннен аспайды. Сондай-ақ бір банктен кепілдік хатты беруден бас тартуды алған кезде өтініш берушінің Бағдарламаға қатысушы басқа банкке жүгінуге құқығы бар екенін атап өткен жөн.

6 ақпан күні қазақстандықтар жеңіл автокөлікке берілген несиені 18 секундта игерді.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды