Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды
Сурет: pixabay
6 ақпанда Қазақстан бойынша сағат 10:00-де жеңілдетілген автонесие бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандықтар Өнеркәсіпті дамыту қорының сайтында өтініш бере алады.
Бағдарлама шарттары:
автокөлік құны 15 миллион теңгеге дейін;
несие сомасы – 10 млн теңгеге дейін;
қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
бастапқы төлем – 0%-дан;
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%.
Сондай-ақ, бір қарыз алушыға қаржыландыру екі жылда бір реттен жиі емес берілетіні атап өтілген.
«Несие алушы отандық өндірілген жолаушылар көлігін сақтандыру және кепілге қою шығындарын өзі төлейді», - делінген хабарламада.
1 ақпанда қор Қазақстанда жеңілдетілген автокөлік несиесін қалай алуға болатынын айтып берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript