Жеңілдетілген автонесие: бағдарлама шарттары

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы, Өнеркәсіпті дамыту қоры, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 12:29 Сурет: pexels
Өнеркәсіпті дамыту қоры 1 ақпанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz .

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары:

  • 1 автокөліктің құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
  • бастапқы төлем – 0%-дан;
  • несиелеу валютасы – теңге;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі соңғы қарыз алушының көлік құралдарын сақтандыруға және тіркеуге (кепілмен қоса) шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;
  • қарыз алушылар көліктің сақтандыру және кепілге қою шығындарын төлейді.

Бағдарламаға қатысатын автокөлік өндірушілердің тізімі:

  • "САРЫАРКААВТОПРОМ" ЖШС
  • "HYUNDAI TRANS KAZAKHSTAN" ЖШС

1 ақпан күні Өнеркәсіпті дамыту қоры жеңілдетілген автокөлік несиелері мен автокөліктерді алудың ашықтығы үшін Autonesie.kz платформасын пилоттық режимде іске қосатыны мәлім болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: