Жаңалықтар тізбегі
0

Жеңілдетілген автонесие қаржысына неліктен автобустар сатып алынатын болды

Жеңілдетілген автонесие, автопарк, қоғамдық көлік, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 16:40 Сурет: Zakon.kz
"Өнеркәсіпті дамыту қоры" неге жеңілдетілген автонесие қаражатын автобустар сатып алуға жұмсау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қор автокөлікті жеңілдікпен сатып алу үшін жеке тұлғаларға кредит беруге жаңартылмалы қаражатты бөлудің тиімділігіне талдау жүргізді. Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап 13 335 қазақстандық қалаған автокөлігін алды.

"Бүгінгі таңда автобустар автокөліктің ең сұранысқа ие түрі болып саналады. Статистикаға сәйкес, елдегі автобус паркінің 45%-ы 10 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Астана, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда қалаларында қоғамдық көліктердің тозуы 25 %, Түркістан, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Көкшетау – 50%, Ақтау, Өскемен – 60%, Талдықорған, Петропавл, Орал – 70%, Қостанай – 90%", – делінген хабарламада.

Қор ұсынатын қаржыландыру механизімдері шеңберінде автобустарды жаңарту бойынша қолданыстағы лизингтік қаржыландыру бағдарламасы белсенді түрде іске асырылып жатыр.

"Соңғы 5 жылда Қор осы бағдарлама бойынша еліміздің барлық өңірлерінде 3818 жолаушылар автобусын сатып алуды қаржыландырды, оның ішінде электр - 130, газ - 1520, дизель - 2168, 9 000-нан астам жаңа жұмыс орны құрылды"."Өнеркәсіпті дамыту қоры" 

Жаңартылған құралдарды қоса алғанда, отандық автобустарды сатып алуды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы жыл сайын 700-ден астам қоғамдық көлікті жаңартуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты Қор "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ мен ҚР ИИДМ осы қаражатты жолаушылар автобустарын лизингтік қаржыландыруға қайта бағыттауды ұсынды. Егер жеңілдетілген автокредит беру бағдарламасы бойынша ай сайын 120 адамды машинамен қамтамасыз етуге болатын болса, қаражатты қайта бөлген жағдайда бір айда 15 мыңға жуық жолаушы тасымалдайтын 20 автобус сатып алуға болады.

"Жаңа автобустар бейнебақылау камераларымен, бейнежазба жүйесімен, кондиционерлермен, маршрут көрсеткіштерімен, мүгедектерге арналған механикалық пандустармен жабдықталған және жолаушыларды қауіпсіз және жайлы тасымалдаудың барлық талаптарына лайық жасалған. Сонымен қатар, сатып алынатын электр автобустары мен сығымдалған газбен жүретін автобустар атмосфераға зиянды заттардың шығарылмауы есебінен қалалардағы экологиялық жағдайға тиімді", –  дейді Қор мамандары.

Қолданыстағы автобустарды лизингтік қаржыландыру бағдарламасының шарттары:

  • лизингтік қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
  • лизинг бойынша бастапқы жарна (аванс) – лизинг нысанасы құнының кемінде 15%-ы;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 7%.



Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: