Алматыда сайлау учаскесін қалай табуға болады

Сурет: Zakon.kz
19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайланады. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әсет Тұматов алматылықтарға сайлау учаскесін қалай табуға болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алматылықтар сайлау учаскесін екі тәсіл арқылы біле алады: Telegram бот немесе бірыңғай call-орталық.

"Біріншіден, біз Telegram ботын іске қостық. Бұрынғы сайлау науқандары мен референдумдар көрсеткендей, бұл – өте тиімді әдіс. Қалада сайлау учаскелерін тексеретін almaty_sailau2023_bot Telegram-боты іске қосылды. Сондай-ақ 1315 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ашылды. Бұл екі ресурс сайлау учаскеңізді анықтауға мүмкіндік береді". Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әсет Тұматов

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова бір мандатқа орта есеппен 10 адам үміткер боп отырғанын айтты.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.

Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Алдағы кезектен тыс сайлауда 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі