Жаңалықтар тізбегі
0

Мәжіліс пен мәслихат депутаты сайлауына Алматыдан қанша кандидат ұсынылды

Парламент мәжілісі мен мәслихат депуттарын сайлау, Алматы, кандидат, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 12:34 Сурет: Zakon.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова мәжіліс пен мәслихат депутаттығына қанша үміткер қатысып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

8 ақпанда депутаттыққа кандидаттарды ұсынудың бірінші кезеңі аяқталды.

Алматыда мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты үш сайлау округі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір мандатты 21 сайлау округі бар.

Айгүл Қалықова мәжіліс депутаттығына үшінші сайлау округі бойынша – 49, төртінші сайлау округі бойынша – 49, бесінші сайлау округі бойынша – 45 кандидат ұсынылғанын айтты.

Бір мандатты округтер бойынша мәслихат депутаттығына 210 кандидат ұсынылды.

"Бір мандатқа орта есеппен 10 адам үміткер. Ең үлкен бәсеке төртінші округте – 19 адам. Ұсынылған үміткерлердің ішінде 166 ер адам, 44 әйел бар. Ең жас үміткер 2002 жылы туған. Ең үлкен үміткер 1947 жылы туған.Алматы қалалық сайлау комиссиясының төрайымы Айгүл Қалықова 

Сонымен қатар саяси партиялар өз кандидаттарын ұсына алады. 8 ақпандағы жағдай бойынша тізімдерді 153 кандидаты бар алты саяси партия ұсынған. Партиялар бойынша:

  • Қазақстан халық партиясы – 42 кандидат;
  • "Ақ жол" – 20 кандидат;
  • Amanat – 63 кандидат;
  • "Ауыл" – 6 үміткер;
  • Respublica – 15 кандидат;
  • "Байтақ" – 7 үміткер.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтеді.

Парламент мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Алдағы кезектен тыс сайлауда 69 депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бір мандатты аумақтық округтерден сайланады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: