Ер адам 27 жылдан кейін туған әпкесін тапты

Сурет: pexels
Ағасы мен әпкесі бір-бірін 27 жылдан кейін тапты. 20 ақпанда олар көп уақыттан бері алғаш рет телефонмен сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Lada.kz сайтының хабарлауынша, астрахандық Анатолий Самохвалов бір ай бұрын еріктілерден ағасы Геннадийді табуға көмек сұраған. Ер адамның айтуынша, оның отбасы, атап айтқанда әпкесі, ағасы және әкесі мен шешесі Астраханнан Ақтауға (ол кезде бұрынғы Шевченко) көшіп келген. Содан бері олармен байланысы үзілген.

Бір ай бойы интернет арқылы іздеп, таратылған көптеген хабарламадан кейін еріктілер оның әпкесі Любовь Шевченконы (Самохвалова) таба алды.

Әпкесінің айтуынша, оның екінші ағасы мен ата-анасы қайтыс болған.

Осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әйел Қазақстанда өзінің биологиялық анасын тауып алған. Қыз 2000 жылы дүниеге келген. 2001 жылы оны америкалық отбасы асырап алып, оны Азия Бергер деп атады. Жаңа отбасында оның екі әпкесі бар. Қазір қыз Флоридада тұрады және колледжде оқиды.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі