Синоптиктер 24 ақпанда еліміздің қай өңірінде жауын-шашын болмайтынын айтты

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК таратқан мәліметке сүйенсек, атлантикалық циклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Синоптиктердің болжауынша, жұма күні кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады, тек батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста күн райы жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ көктайғақ, тұман, найзағай, бұрқасын болжанды.

Астана қаласы: көшпелі бұлтты, түнде аздаған қар жауады. Жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде және күндіз -7-9°С, күндіз одан әрі төмендейді.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +2+4°С, күндіз +13+15°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысқанда күші 8-13, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде +6+8°С, күндіз +14+16°С болады.


Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды