Түркияда тағы бір рет жер сілкінді

Сурет: ҚР ТЖМ
Түркияның Хатай қаласында Астана уақытымен 21:53-те Дефне ауылының маңында 5 балдық жаңа жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы 9,76 шақырым тереңдікте болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала губернаторы Рахми Доган зардап шеккендер жоқ екенін айтты.

"Жер сілкінісі салдарынан бұрын зақымданған бірнеше ғимараттың қирауынан басқа айтарлықтай жағдай жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, қирандылар астында қалғандар жоқ", - деп келтіреді Сабах газеті губернатордың сөзін.

Оның айтуынша, жасақтар жер сілкінісінен кейін провинцияны зерттеп-тексеруді жалғастырып жатыр.

Түркияда 6 ақпан күнгі жер сілкінісі кейінгі мәліметтер бойынша 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінген. Олардың 160-ы қамауға алынды. Күдіктілердің кейбірі әлі іздестіріліп жатыр.

20 ақпанда Түркияның Сириямен шекарасында магнитудасы 6,4 болатын жаңа жерасты дүмпуі тіркелді.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады