Конференция барысында, вице-министрге кредиторлық берешегі жоқ, бірақ ағымдағы несиесі бар берешегі жоқ тұлғаларға Заңды қолдануға бола ма? деген сұрақ қойылды.
Бұған Ержан Ерікұлы бұл кредиттен жалтару емес, қиын жағдайда ғана, банктік процедурадан өтпеген жағдайда ғана жүгіне алатынын айтты.
Яғни бұл кредиттік рақымшылық емес. Бұл банкроттық салдары өте қатал, сондықтан осы шешімге келер алдында адамдар ойлану керек. Қандай салдары бар екенің. Біріншіден банкке жүгіну керек, деп ойын жеткізді вице-министр.
"Біріншіден адам хат жазса, егер ол хат іске асырылмай, қабылданбаса қаржылық агенттіктің 1459 деген колл-орталығы бар, немесе FinGramota.kz атты мобильдік қосымшасы бар. Осыны қолданып қосымша ақпарат та, мәлімет те ала алады. " Қаржы вице-министрі
Вице министрдің сөзінше, құзырлы органдар 100 пайыз арыздарды қабылдап, 15 күнде жауап берулері шарт.