Онлайн конференция барысында Ержан Біржановқа сот
арқылы банкроттыққа жариялағанда, борышкердің мүлкі болса, бірақ ол кепіл
ретінде қойылмаса заңда оны кредитор ала алмайды дейтінді қалай түсіндіресіз? Яғни борышкер 20.000 000 қарызы бола отырып мүлкіне кредитор тисе ала ма?
Әлде кредитор оның мүлкі арқылы қарызының біраз бөлігін жабуға сот арқылы
мәжбүрлей ала ма? деген жеке сұрақ түсті.
Оған жауап ретінде, сотқа жүгіну, банкроттық мәртебесін алу, бұл азаматтың өзінің жеке құқығы, өз еркімен жасалатын жағдай, - деді Ержан Біржанов.
"Сұрақтың түбіне үңілсек, кредиторлар мүлкін алмақшы, сату арқылы деп қарастырған ғой. Бірақ азамат түсінуі керек, егер ол сотқа жүгінетін болса, егер оның массасы болатын болса, осы мүлік массасын өндіріп алу арқылы, аукционға салу арқылы қарыздары жабылады. Борышкер оны түсінуі тиіс. Өз еркімен осы процедураға енуі тиіс. " Ержан Біржанов