Семейде Алғыс айту күні қарсаңында 30-ға жуық іс-шара өтті

Сурет: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі
Елімізде дәстүрлі түрде көктемнің бірінші күнінде аталып өтілетін Алғыс айту күнін мерекелеу 25 ақпанда басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаламызда осы мерекеге арналған 30-ға жуық іс-шара өткізілді: балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған "Жүректен жүрекке","Қайырымдылық керуені" еріктілер акциялары (жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға көмектесу), "Еңбекші жастар-2023" фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар (жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру), "Алғыс" инста-челленджі (қаламыздың оқу орындары қолдады). "Арамыздағы қаһармандар" алғыс челленджінің аясында қала тұрғындары денсаулық сақтау, төтенше жағдай және құқық қорғау органдарының өкілдеріне алғыстарын білдірді.


Сурет: Семей қаласының ішкі саясат бөлімі


Қолданбалы өнер көрмесі мен "Бір шаңырақ астында" атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың жалпы саны шамамен 10 000-ға жуық адамды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты