Алматыда Наурыз мерекесі қалай тойланады

Сурет: Zakon.kz
Алматыда Наурыз мейрамын тойлау 14 наурызда «Көк төбе» саябағының аумағында өткен «Көрісу күні» шарасымен басталды. Негізгі іс-шаралар, қала әкімдігінің мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 10:00-де «Наурыз шеруі» деп аталатын шерумен басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болу үшін мерекелік іс-шаралар барлық ауданда ұйымдастырылады.

Әуезов ауданында «Наурыз-2023» мерекелік іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін Әуезов ауданы әкімдігінің алдында өтеді (Алтынсарин, 23). Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама сол күні сағат 18:00-ден басталып, Әуезов ауданы әкімдігінің алаңында сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Алатау ауданында мереке 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 16:30-ға дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының аумағында өтеді.

Бостандық ауданында «Наурыз мейрамы» салтанатты іс-шарасы 21 наурыз күні сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Mega Center СОО амфитеатрында өтеді.

Жетісу ауданында «Наурыз тойы – 2023» мерекесін 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін «Гүлдер» саябағында өткізу жоспарланып отыр.

Медеу ауданында концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін Ұлттық Ғылым Академиясының алдында жоспарланған.

Түрксіб ауданында «Наурыз мейрамы» мерекелік бағдарламасы 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта өтеді.

Наурызбай ауданында «Наурыз той – 2023» концерті 22 наурызда сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау көшесінен Строительная көшесіне дейін) өтеді.

Алмалы ауданында Наурыз мерекелік концерті 21 наурызда сағат 14:00-ден басталып, Mega Park СОО аумағында сағат 17:00-ге дейін жалғасады, сонымен қатар, 21-23 наурыз аралығында қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз