Талдықорғанда 15 мың адам баспана кезегінде тұр

Сурет: Zakon.kz
Талдықорғанда биыл 1400 пәтерлі 41 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жалпы облыс орталығында қазіргі таңда 15 мың адам үй кезегінде тұр.

Баспана құрылысымен қатар жаңа ықшам ауданның инфрақұрылымы, су және жылу жүйесі, газдандыру мен абаттандыру жұмыстары да қатар жүргізілмек.

Ол үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржы қажет. Жетісу облысына іс-сапармен барған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі мәселені жылдам шешуге болатынын жеткізді. Мұнан бөлек ведомство басшысы Сарыөзек-Көктал тас жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Айта кету керек бұл тас жолмен цемент зауытының ауыр техникасы жүріп жарамсыз етіп тастаған болатын. Әсіресе Алтынемел асуынан жеңіл көліктер әрең қозғалады. Сондықтан цемент зауытына өздеріне бөлек айналма жол салдырту ұсынылды.


"Бюджетті нақтылау шеңберінде биыл бөлінген 3,5 млрд ақшаға қосымша 4,7 млрд ақша бөліп, биыл сол жолды толық қосамыз. Біздің жалпы ойымыз ол зауытқа басқа жеке айналма жол салатын болады. Бірден қазір ол мәселе шешілді деп айта алмаймыз. Он күннің ішінде түпкілікті бір шешімін айтатын боламыз." Марат Қарабаев, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс