Наурыздың соңғы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 28-30 наурыз аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

28 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстіктен 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 аяз, күндіз 11-13 жылы.

29 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 жылы.

30 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 аяз, күндіз 2-4 жылы.

Алматы

28 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 18-20 жылы.

29 наурыз – көшпелі бұлтты, күннің соңына қарай жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 жылы.

30 наурыз – көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 жылы.

Шымкент

28 наурыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 жылы.

29 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 ​​жылы.

30 наурыз – көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 жылы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады