Қостанай облысында 36 сиырдан бруцеллез табылған

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бруцеллез шыққан шаруашылыққа шектеу қойылды. Яғни, сыртқа мал тасымалдауға, әкелуге, ет, сүт және сиырдың басқа өнімдерін саудалауға болмайды.

Бұған дейін осы шаруашылықтағы 36 сиырдан бруцеллез табылған. Ауру малдың бәрі сойылып, етінен сегіз сынама алынып әрі қарай терең зерттеуге жіберілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Соның біреуінен бурцеллез таяқшасы табылды. Енді шектеу шараларын алып тастау үшін облыстағы эпизотикалық жасақ сауықтыру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Оның үш тәсілі бар. Бірінші - екі апта сайын малдан қан алынып тексеріп отыру. Екіншісі - ауру шыққан жердегі малды түгел етке өткізу. Үшіншісі – табындағы түліктің бәріне вакцина егу.

"Шаруашылық сол үшінші жолмен сауықтырамыз деген өздерінің жоспарлары бар. 15-20 күн ішінде қан алып болғасын іле вакцина егіледі. Сонда 20 күннің арасында сауықтырылады." Бауыржан Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады