Шекара қызметіне 150 қазақстандық әскери дайындыққа шақырылады

Сурет: gov.kz
Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Әскери қызметке міндетті адамдарды 2023 жылға шақыру туралы» бұйрық дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«2023 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінде 30 күнтізбелік күн мерзімге әскери дайындықтан өту үшін әскери қызметке 150 адам шақырылсын», - делінген құжатта. 

ҰҚК түсіндіргендей, әскери дайындық ҰҚК Шекара қызметінде жұмылдыру дайындығын дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жоспарында қарастырылған.

Бұйрық жобасы ҰҚК Шекара қызметінің Алматы және Түркістан облыстары бойынша департаменттерінің базасында әрбір департаментке 75 адамнан әскерге шақырылушыларды білім мен дағдыға үйрету бойынша әскери дайындықты өткізуге бағытталған.

Құжат Ашық НҚА веб-сайтында 13 сәуірге дейін орналастырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз