СҚО-да қару-жарақ жасырылған орын табылды

Сурет: Zakon.kz
Солтүстікқазақстандық полицейлер жедел ақпаратты тексеру кезінде Петропавлда ҰҚК және ҚАЖ департаментімен бірлесіп қару-жарақ жасырылған орынды тапты.

Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентінің шетінде скотчпен оралған қара кенеп қапшық табылды. Ішінде аңшы шолақ мылтығы, болжам бойынша Байкал маркалы тапанша, белгісіз маркалы револьвер, РГД-5 гранатасының муляжі болды.

Бұдан бөлек, тегіс ұңғылы және иір ойықты қарудың оқ-дәрілері болды: 7,62 мм 30 патрон, 16-шы калибрлі 53 патрон, 12-ші калибрлі 2 патрон, 5,6 мм 6 патрон, 9 мм 145 патрон.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Қару мен оқ-дәрілер тәркіленіп алынды. Олар сот-баллистикалық сараптамасына жіберіліп, атуға жарымдылығы және қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сондай-ақ қару мен оқ-дәрілерді заңсыз пайдаланған тұлғаны анықтау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Полицейлер ескерткендей, ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мерзімге айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз