Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер елден шығарылды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы жедел алдын алу іс-шаралары барысында көші-қон заңнамасын бұзған 18 Өзбекстан азаматы мен бір Тәжікстан азаматын анықтады.


Біз 19 құқық бұзушыны мемлекеттік шекараға жеткізуді ұйымдастырдық. Осы мақсаттар үшін көп орындықты автобус қарастырылды. Олар “Жібек жолы” БӨП мемлекеттік шекараға дейін жеткізілді. Еске салайық, Алматы полициясымен заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту деректерін анықтау мақсатында “Келімсек” және “Құқық тәртібі” іс-шаралары тұрақты түрде жүргізіледі, – деді Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері 6472 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 1738-і шет мемлекеттердің азаматы.

Әкімшілік жолмен 248 шетелдік елден шығарылды. ПД-ның қабылдап-таратуына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 365 шетел азаматы орналастырылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді