Алмасадам Сәтқалиев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, АЭС салу мәселесіне қатысты қоғам пікірі ескерілетініне уәде берді.
"Тиісінше диалог сөзсіз жолға қойылады. Біз Парламентке есеп беруді жоспарлап отырмыз. Олардың да сұранысы жоғары. Біз бұл диалогты талқылауды кең көлемде, оның ішінде жұртшылықты, қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып жүргіземіз. Мен құрылысты қолдаймын. Мен осы станцияны салу үшін кез-келген түрде дауысымды беруге дайынмын. Фукусимадан кейінгі талаптардан кейін олар қауіпсіз бола түскен. Олар кең фюзеляжды ұшақ құлаа да төтеп бере алады". Алмасадам Сәтқалиев
Журналистер елде атом станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізу жоспарда бар-жоғын сұрады.
"Менің ойымша, заңнамаға жүгіну керек. Атом станцияларын салу тәртібі нақты жазылған. Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) талаптары бар. Кеңейтілген форматтағы қоғамдық тыңдаулар өтетіні түсінікті. Әрине, қоғамдық пікір барынша ескеріледң. Мұны қамтамасыз ете алатын көптеген әртүрлі механизмдер бар. Егер халық қарсы болса, станция салынбайтыны түсінікті. Референдум ба, әлде кеңейтілген өоғамдық тыңдау бола ма немесе парламенттегі отырыс па, ол талаптар негізінде іске асады. Келісуге, тиісті бақылау органдарын құруға байланысты ережелер, тәртіп, регламент, мәселелер бар". Алмасадам Сәтқалиев
Оның айтуынша, егер атом электр станцияының құрылысы қазір басталса, құрылыс кем дегенде 10 жылдан кейін аяқталады. Министр қазір оны кім салатыны жөнінде бірнеше өтінім қарастырылып жатқанын атап өтті.
"Францияның Electricite de France компаниясынан, Кореялық компаниядан, қытайлық серіктестерден, ресейлік серіктестерден ұсыныстар бар. Егер атом аралы бойынша әлемде салынып жатқан блоктар мен тиімді станциялардың құрылыс тәжірибесі мен саны туралы айтатын болсақ, "Росатом" компаниясы белгілі бір деңгейде көш басында тұр. Егер энергетикалық жабдықтар туралы айтатын болсақ, онда көшбасшы – француз компаниялары. Автоматика жүйелері, қосалқы жабдықтар бойынша, француз, неміс, корей, Еуропа, Америка, Қытай компаниялары дамып кеткен. Идея кешенді шешім қабылдау, бір жабдық жеткізушісін емес, ең жақсысын таңдау болды. Дәл осындай станциялар қазір Египетте, Түркияда салынып жатыр. Тиімді екенін дәлелдеп жатыр". Алмасадам Сәтқалиев
Министр сондай-ақ құрылыстың геосаяси аспектілерін ескеру керек екенін алға тартты.
"Қазір байқауда кім жеңетінін нақты айта алмаймыз. Әзірге ол "Росатом" болады деп те айта алмаймыз. Әрине, комбинация болады. Біз "Росатомның" бәсекедегі артықшылықтарын түсініп отырмыз. Алмасадам Сәтқалиев