ҚазМұнайГаз: Маңғыстау облысында кәсіпорындар жұмысын қайта бастады

Сурет: kmg.kz
ҚазМұнайГаз Маңғыстау облысында кәсіпорындар жұмысын қайта бастағанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚазМұнайГаз-дың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір компаниялар қалыпты жұмыс істеп тұр.
"11 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-де Маңғыстау облысының бірқатар кәсіпорындары, атап айтқанда "Өзенмұнайгаз" АҚ, "Өзенмұнайсервис" ЖШС, "Бұрғылау" ЖШС жұмысын тоқтатты. Алайда бір сағаттан кейін сағат 20:00-де аталған кәсіпорындардың жұмысшылары жұмысқа шықты".

Еске салайық, бұған дейін полиция департаменті Жаңаөзеннен Астанаға барып, талаптарын айтып жатқан мұнай компаниясы жұмысшыларының митингісіне қатысты пікір білдірді.

Жаңаөзен әкімі қаладағы алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады. 

Оның сөзінше, әкімдік тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады