Жаңалықтар тізбегі
0

Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады

Жаңаөзен, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 23:43 Сурет: видео скрині
Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін, 11 сәуірде Жаңаөзен қаласының әкімдігі алдындағы алаңға жиналған Жаңаөзен қаласының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізді. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейне өтініш жасады. Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін барлығыңыз әлеуметтік желіден жерлестеріміздің Астана қаласында наразылық акциясын ұйымдастырып, полиция бөліміне жеткізілгені туралы ақпаратты көріп отырсыздар. Құқық қорғау органдары өкілдерінің айтуынша, жерлестеріміздің жағдайы жақсы. Оларға қолданыстағы заңнама шеңберінде әкімшілік шаралар қабылданатын болады, - деді Жаңаөзен әкімі.

Оның сөзінше, әкімдік тұрақты негізде қала аумағында жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдап жатыр.

"Астанада наразылық білдірген азаматтармен алдын ала келіссөздер жүргізілді. Бұрын тендерден жеңілген компанияда жұмыс істегендерге еңбек жағдайлары мен жалақыларын сақтай отырып, тендерді жеңіп алған компанияға ауысу ұсынылды. Бірақ ұсыныс қабылданбады. Қасиетті Рамазан айында мен баршаңызды сабырлыққа шақырамын! Мәселенің мәнін білмей, эмоцияларға берілмеулеріңізді және арандатушылардың сөзіне еріп, қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармауларыңызды сұраймын!", - деді  Айбек Қосуақов.


Еске салайық, бұған дейін полиция департаменті Жаңаөзеннен Астанаға барып, талаптарын айтып жатқан мұнай компаниясы жұмысшыларының митингісіне қатысты пікір білдірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: