«Самұрық-Қазына» жыл сайын «Қазақстан халқына» қорына қаражат бөліп отырады – Үкімет қаулысы

Сурет: primeminister.kz
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болады. Қаражатты бөлу тәртібін реттейтін ережелер ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс. Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады, олардың ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.

Атап айтқанда:

науқастарды дәрі-дәрмекпен,

жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету,

ауылда негізгі мектептер,

ерте араласу орталықтары,

аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру,

медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау,

ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары бар.

Еске сала кетейік, жыл сайын «Самұрық-Қазына» қорының таза табысының кем дегенде 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты халыққа Жолдауында айтқан болатын.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі