Шымкентте туберкулезге шалдыққан мұғалім сабақ берген

Сурет: pixabay
Шымкент қаласындағы мектептердің бірінда туберкулездің ашық түріне шалдыққан мұғалім балаларға сабақ беріп келген.

Жұқпалы дертке шалдыққан оқытушы бастауыш сыныптардың мұғалімі. Оның кемі 77 оқушымен және ұжымдағы 119 қызметкермен байланыста болғаны анықталып отыр.

Осыған байланысты санитарлық эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандары мектептегі сабақты бір тәулікке тоқтатып, білім ұясының ішіне дезинфекция жүргізген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал науқаспен қарым-қатынас жасағандар түгелдей флюрографиялық тексерістен өтуге жіберілді. Және арнайы дәрілік екпе салынды.

Мектепте санитарлық эпидемилогиялық тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Сырқатқа шалдыққан мұғалім емін қабылдап жатыр. Ол медициналық тексерістен соңғы рет осыдан бір ай бұрын өткен екен.

"Қауіп бар ауырып қалды ау деген. Инфекция түсті. Оны жоюымыз керек. Егер оны жоймай, ата-аналар дәрі ішпейміз деп қарсылық таныта беретін болса балалардың ауырып қалу қауіпі бар." Мейрамкүл Тойшиева, қалалық №2 емхананың фтизиопедиатр дәрігері

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз