Елімізде еңбек биржасында белсенділік төмендеген

Сурет: Zakon.kz
Ел ішінде жұмыс іздейтін азаматтар саны күрт азайған.

Мәселен өткен айда электронды еңбек биржасында жарияланған түйіндемелер саны 35 пайызға кеміген.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Зерттеу нәтижесіне сай, жұмыс берушілер тарапынан да жұмысшыларға деген сұраныс 3 пайызға азайып отыр. Ал ең тапшы мамандар тізімі өзгеріссіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір елімізге 14 мыңдай білім саласының маманы жетіспейді.

Ал денсаулық сақтау саласына дәрігер, мейірбике секілді үш жарым мыңға жуық кадр қажет. Сондай-ақ мың жарымдай жүргізуші, тәрбиеші мен күзетшіге сұраныс бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз