Жетісу облысында үш күн ішінде 300-ден астам мопед және самокат жүргізушілері жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының автожолдарында полицейлер мотоцикл, скутер және мопед жүргізушілерінің қатысуымен ЖКО алдын алу жұмыстарын күшейтті.

Тек соңғы үш күнде патрульдік полиция қызметкерлері 301 құқық бұзушыны жауапқа тартты.


Қазіргі уақытта көліктің бұл түрін пайдалану біздің облыс тұрғындары арасында өте танымал. Алайда, жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей және оларды сақтау скутер, электр скутері, мопед және мотоцикл жүргізушілері үшін де қарастырылған. Әдетте, жол қауіпсіздігі талаптарын елемеу қайғылы салдарға әкеледі. Осыған байланысты полиция өңірде ҚР ЖҚЕ бұзушылықтарын ескерту және алдын алуға бағытталған “Мотоцикл” профилактикалық іс-шараны өткізуге бастамашы болды, – деді Жетісу облысы ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мұхметов.

Белгілі болғандай, құқық бұзушылардың көбі Талдықорған қаласынан анықталды.

Бағдаршам сигналына қарамай өту, маневр жасау ережелерін елемеу, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, мас күйінде жүргізу, жол-көлік оқиғасын тудыру және мотошлемді кимеу сияқты бұзушылықтар жиі кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды