Ақтөбе облысында да жол апатынан 3 адам мерт болды

Cурет: видео скрині
Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты, ал жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жол апаты 23 сәуірде Хромтау ауданының Жазық ауылының маңында Самара-Шымкент автожолында болған.

"ВАЗ-2110" және Toyota маркалы автокөліктері соқтығысқан.

"ВАЗ" автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізушісі аудандық ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды және жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында жол апатынан 3 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты