Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Түркістан облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 адам қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдер-Түркістан-Кентау тас жолында болған. Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды.
Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталып жатыр.
"Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады".Отырар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Медет Бөрібеков
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript