Елордалықтарға жалған концерт билеттерін сатқан алаяқ анықталды

Сурет: pixabay
Астана қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында, жігіттің Instagram әлеуметтік желісі арқылы әншілердің концерттеріне билет сатамын деп жарнама орналастырғаны белгілі болды. Осылайша, әйгілі әншінің мерекелік кешіне бармақшы болып билет сатып алған қала тұрғыны, алаяққа 50 мың теңгені аударып жіберген.

Алайда, ол концертке келгенде билеттің жалған екендігін анықтаған, ал күдікті байланысқа шықпаған. Алданғанын түсінген қыз полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас айламен бірнеше елорда тұрғынын алдағанын анықтады.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, алдын ала төлем жасаудан бас тартуды және көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын тексеруді ескертеді.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады