СҚО полицейлері психодиспансерден кетіп қалған азаматты іздеп тапты

Сурет: ҚР ІІМ
21 сәуірде СҚО Тайынша ауданының полиция бөліміне Тайынша қаласының психикалық денсаулық орталығының аумағынан белгісіз бағытта 29 жастағы қамқордағы адамның кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер іздестіру іс-шараларын бастады, оған әлеуметтік желілерде фото бағдарлауды таратқан еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді түрде қосылды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 25 сәуірден 26 сәуірге қараған түні жоғалған адамның орналасқан жерін Тайынша ауданы полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Дархан Сағидула Ақмола облысы Мариновка ауылында анықтады. Тайынша қаласынан ер адам жолға шығып Астанаға кеткені белгілі болды.

Сол жерден алыс туыстары оны Мариновкаға жіберген. Сол мекенжайдан полиция қызметкері тапқан. 26 сәуірде іздеудегі адам Тайынша қаласына аман-есен жеткізіліп, психикалық денсаулық орталығының басшылығына берілді. Полицейлер еріктілерге және ер адамды іздеуге атсалысқан барлық бей-жай қарамайтын азаматтарға алғыс білдірді.

СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының ақпаратына сүйенсек, жыл басынан бері СҚО полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 12 азаматтың орналасқан жерін анықтады, оның ішінде қазіргі уақытта 11 іздестірілуші анықталды, сондай-ақ өткен жылдары іздестіруге жарияланған екі адамның орналасқан жері анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді