Алматы облысындағы колонияға телефонды шұжық ішіне жасырып өткізбек болған күдікті анықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеге шұжық ішіне телефон жасырып өткізуге тырысқан күдікті анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.

Телефонды шұжықтың ішіне жасырған әйел, оларды бандероль арқылы жіберген. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында, заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. LG-D690 маркалы ұялы телефон тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша материал жиналып, әйел адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды