Алматыда үсік, Астана мен Шымкентте + 25 градус ыстық: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер 2023 жылғы 4-6 мамырдағы Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

4 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 17-19 градус жылы.

5 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 21-23 градус жылы.

6 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 23-25 градус ​​жылы.

Алматы

4 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз 10-12 градус жылы.

5 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус, күндіз 12-14 градус жылы.

6 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 16-18 градус жылы.

Шымкент

4 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с болады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22 жылы.

5 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болалы. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 22-24 жылы.

6 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 ​​жылы.

Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты