Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бірнеше көше жабылады

Сурет: Zakon.kz
Астанада 10 мамырдан 5 маусымға дейін әл-Фараби даңғылының Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейінгі аралығы ішінара жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада Әл-Фараби даңғылындағы жол төсеміне орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмысын елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жүргізеді. Осыған байланысты биыл 10 мамырдан 5 маусымға дейін А.Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде әл-Фараби даңғылы бойынша көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл шара Астана ПД әкімшілік полиция басқармасымен келісілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауына кеңес беріледі. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды