Елорда әкімі құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездесті

Сурет: gov.kz
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек құрылысы ұзаққа созылған нысандардың үлескерлерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз ұзаққа созылған нысандардың құрылысын назарда ұстаймыз. "Зере-2", "Араби 2 - Гранитный 2", "Мирный дом", "Коргалжинский квартал" секілді құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралап шықтым. Олардың әрқайсысының өткен тарихы әртүрлі, өз пәтерін 10 жылдап күтіп жүрген тұрғындар бар", деп жазды қала әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Әкімнің айтуынша, кейбір нысандардың құрылысы кестеден қалып барады, ал енді бір жерінде құрылыс сапасы көңілге қонымсыз.

"Құрылыс салушылардың мойнында жұмыс қарқынын арттыру, құрылыс маусымын барынша пайдалану, сол сияқты сапаға ерекше көңіл бөлу міндеттері тұр. Жылу беру маусымына дейін нысандар жылу жүйесіне қосылуы керек. Құрылыс салушылар қатардағы жай нысан ретінде қарастырмауы керек, оның артында өз пәтерін жылдар бойы күтіп жүрген жандардың тағдыры бар", – дейді елорда әкімі.
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты